Вторник, 17 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Панфилов ауданында күрделі оталар жасала бастады

Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының мамандары облыс деңгейінде жасалатын күрделі оталарды жасауды қолға ала бастады. Аурухананың травматология бөлімінде бұрын соңды жасалмаған кіші инвазивті емдеу тәсілі бойынша жасалатын жабық түрдегі «ИНТРАМЕДУЛЯРЛЫ-БЛОКТЫ ОСТЕОСИНТЕЗ» отасы жасалды. Осы уақытқа дейін аталған ота түрі тек облыстық және республикалық деңгейдегі ауруханаларда жасалатын. Аурухана директоры Айдын Молдашұлы ота жасауға қажетті соңғы үлгідегі травматологиялық ортопедиялық аппаратуралар мен құрал-жабдықтар 2024 жылдың шілде айында Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқарамасының қолдауымен 59 млн теңгеге сатып алынғанын айтты.

«Ауруханада мастер-класты арнайы шақыртумен келген Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Жүнісов Ерік Сейсембайұлы жасады. Ендігі кезекте бұндай күрделі ота түрі ауданда жасалатын болады. Тұрғындарға облыс орталығына немесе басқа қалаларға баруға қажеттілік жоқ», — деді Айдын Молдашұлы.

Жоспар бойынша 6 науқасқа ота жасалып, барлығы сәтті аяқталды. Бүгінгі таңда барлық науқастар ауруханадан толық емделіп шықты.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke