Джонс Хопкинс атындағы университет жүргізген зерттеу бойынша, Латвия бір миллион адамға шаққандағы коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша бірінші орынға шықты, — деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым мәліметінше, Латвияда күн сайын 2000-ға жуық жағдай тіркеледі. Елде төтенше жағдай жарияланған. Дүйсенбіде, 18 қазанда премьер Кришьянис Кариньштың бастамасымен дағдарысты басқару жөніндегі кеңестің шұғыл отырысы шақырылды, онда қосымша шектеулер қарастырылады.