Пятница, 14 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қапшағай қалалық сотында жаңадан судья тағайындалды

Нұрсұлтан Меирбекұлы Қоишыбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 799 Жарлығымен Нұрсұлтан Меирбекұлы Қоишыбаев Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Нұрсұлтан Меирбекұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің іс жүргізуші қызметінен бастап, сол жылдың қазан айынан   Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында аға сот приставы  міндетін атқарған.

2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінде сот приставы,  аға сот приставы болып, 2019 жылдан судьялық лауазымға тағайындалғанға дейін осы бөлімнің  басшысы қызметін атқарған.

Қапшағай қалалық сотының баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke