Дүйсенбі, Қаңтар 9, 2023
spot_img

СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕЙДІ

Басқада

Енді бірер сағаттан кейін ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді. Бұған жалғыз мен емес, бүкіл Қазақ елінің халқы көз тігіп отыр. Өйткені Қазақстан халқының игілігі үшін Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың қолға алған реформалары мен жаңғыру үдерісі жаңа өкілеттік мерзіміңізде жалғасады деген үлкен сенім бар. Кезектен тыс Президенттік сайлау кезінде ол ел президенті ретіндегі берік бағдарын растады және азаматтардың оған сенімі жоғары екенін көрсетті
Қасым – Жомарт Кемелұлының қайта сайлануы маңызды істің қарқынын сақтауға және Қазақстан халқының мүддесі үшін өзіңіз жариялаған реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Әділетті Қазақстанды құруға тікелей ықпал ететін шешуші кезеңде, сын сәтте ел тізгінін, басқару ісін парасатты, тәжірибелі, сенімді және халық қамын ойлайтын адамның қолына қайтадан тапсырдық. Ендеше, ертеңге деген сенімге селкеу түспейді деп ойлаймын.

Амангелді БЕСПАЕВ,
Қонаев қалалық Ардагерлер және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы,
Қонаев қаласының Құрметті азаматы

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img

Жаңалықтар