Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

ХАЛЫҚ ҮЛКЕН ҮМІТ АРТУДА

Халықтың Қасым – Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық және саяси саладағы реформалары, елдің әл-ауқатын жақсартуға бағыт¬талған бастамалары табыс¬ты болатынына үлкен үміт артып отырғаны сөзсіз. Ел ең алдымен, Мемлекет басшысының ашық әрі әділ қоғам орнату жөніндегі бас¬тамаларын толықтай қолдайды.
Сайлау кезінде Қазақстан халқы аса маңызды таңдау жасады. Біз саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы көп өзгерістерді күтеміз. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды жүзеге асыру үшін аса қажет.
Қасым — Жомарт.Тоқаевтың мемлекеттік басқару саласында білімі мен тәжірибесі мол, халықтың сенімін алған, кәсіби дипломат, билік жүргізуде халық-тың мұң-мұқтажын бірінші орын¬ға қоятын тұлға деп есептеймін.
Халық Қазақстанның көркейгенін қалайды. Алдағы 7 жылда Қазақ елі еңсесін тіктеп, жаңа жаңғыру жолына түседі деп ойлаймын. Салтанатты ұлықтау рәсімі кезінде Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы жаңа бағыт ұсынады деп ойлаймын.

Дәметкен ТАЛАСБЕКҚЫЗЫ,
Қонаев қалалық Аналар кеңесінің төрағасы

Жаңалықтар | Новости