Четверг, 28 марта, 2024

Басқада

КІТАПХАНАДАҒЫ «КҮЗГІ ТҮН» КЕШІ

Қонаев қалалық кітапханасында  дәстүрлі «Кітапханадағы күзгі түн» атты кітапхана түні өтті. Биылғы формат ерекше күз бейнесінде бейнеленді. Шараның мақсаты  әр саланың өз ісінің еңбек майталмандарын оқырмандарға таныстыруға арналды.

Қонақтардың қатарында  «Ана сәулесі» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанат Қалжанова, «Бүгінгі күннің батыры», Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржан; «Асыл» өнер мектебінің меңгерушісі Жанар Әділжанова; «Жылдың үздік мұғалімі-2022»  орта мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Альбина Оразбаева және «2022 жыл – Балалар жылы» қорытындысының марапатталушылары болды.

Кештің шымылдығын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, композитор, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкері Төлеужан Ғұмар ашқанан кейін, қонақтарға да сөз кезегі беріліп, олар оқырмандарға өз жылы лебіздерін білдірді.

Кеш барысында, «Ана сәулесі» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанат Медетқызы «Indirа» атты авторлық қыз жасау брендінің атынан кітапхананың балалар бөліміне көрпе-жастықтарын сыйға тартты.

Кеш одан ары қарай әсем әнмен, тәтті күймен және мың бұралған биімен жалғасты. Садыкова Зура, Алдабергенова Жазираның орындауында «Анашым» , «Асыл» өнер мектебінің шәкірттерінің орындауында Берік Айымның  «Домбыра туралы баллада» әндері орындалса, «Талисман» ансамблінің орындауында «Кербез» биі, күйші қыздар «Адай» күйін нақышына келтіре орындады.

Кеш Қонаев қалалық кітапханасының директоры Назым Кенжебекованың «2022 жыл-балалар жылының» қорытынды марапаттау рәсімімен аяқталды.

Жазира НҮПТИЕВА

Қонаев қаласының кітапханашысы

Жаңалықтар | Новости