Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

Алматы облысында колония бастығының орынбасары қызметінен босатылды

азАқпарат – Алматы облысында колония бастығының орынбасары лауазымынан босатылды. Сондай-ақ, бірнеше қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы айда әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат пайда болды. ҚАЖ департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізді.

Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. Колония қызметкерлерін айыптай отырып, сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қорқытады. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары жазасын өтеуші мен оның колонияға келген туыстарын БӨП торы арқылы кездестіруді тапсырған. Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған.

Сондай-ақ, қызметтік тергеу барысында бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталған жоқ.

Қызметтік тергеу нәтижесінде мекеме бастығының орынбасары жіберілген заң бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды. Тағы бірқатар қызметкер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар | Новости