Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Әйел баласын денесімен жапқан күйі өліп кеткен

Түркияда үйінді астынан бала құтқарылды. Баланы анасы денесімен жауып қалған,—  деп хабарлады TGRT Haber.

Хатай қаласындағы құтқару жұмыстары кезінде баланың жылаған дауысы естілген.

«Аднан есімді бала жер сілкінісінен кейін үйінді астынан табылды. Белгілі болғандай, баланың ата-анасы, екі ағасы мен екі әпкесі зілзаладан көз жұмған. Баланың төсегін анасы денесімен жауып қалған», — деп хабарлады құтқарушылар басылым журналистеріне.

Сәбиді құтқару жұмыстары 72 сағатқа созылған. Баланы қолына алған құтқару тобының командирі көзіне жас алды.

Айта кетейік, қазір Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті.

Жаңалықтар | Новости