Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Заң бұзған шетелдіктер елден шығарылды

Үндістанның үш азаматы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 19, 21 және 32 жастағы Үндістан азаматтарын анықтады.

Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде елден кету туралы талапты орындамаған.

– Көлік полицейлері шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы  4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Дәл осындай құқықбұзушылық Шу стансасында Көкшетау–Қызылорда бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде де анықталды. Бұл жолы Тәжікстан Республикасының 28 жастағы азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  517-бабы 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен жоғарыда аталған құқықбұзушыларға ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, – деп сөзін түйіндеді Мадияр Айтуғанов.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke