Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Мәжіліс депутаттығына қанша кандидат ұсынылды?

Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Мәжіліс 98 депутаттан тұрады, оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты аумақтық округтерден сайланады.

Сайлауға жеті саяси партия қатысуға рұқсат етілген.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 8 ақпан 18.00-де аяқталған болатын.

ОСК мәліметінше, 7 партиялық тізім Мәжіліс депутаттығына 283 кандидат ұсынылды:
1.»Қазақстан халық партиясы» — 52 кандидат;
2.»Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 54 кандидат;
3.»Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 25 кандидат;
4.»Amanat» партиясы — 90 кандидат;
5.»Respublica» партиясы — 25 кандидат;
6.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 19 кандидат;
7.»Байтақ» жасылдар партиясы — 18 кандидат.

Петров бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылғанын айтты. Оның ішінде 79 кандидат жеті саяси партиядан, бес кандидат төрт қоғамдық бірлестіктен, 525 кандидат өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke