Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ мен Мирболаттың мүрдесі 11 ақпанда елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан мерт болған Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың мүрдесі 11 ақпанда елімізге жеткізіледі», – деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.