Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Түркияда қаза болған Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековты жерлеу рәсімі өтті

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековты жерлеу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Telegram желісінде Мирболат Құрмашевтың ағасы хабарлады.

«Бүгін бауырларымызды соңғы сапарға шығарып салдық. Жатқан жері жайлы болсын», — деп жазды ол.

РЕКЛАМА

Сондай-ақ, оларды үйінді астынан алып шығуға көмектескен қазақстандық құтқарушыларға алғысын білдірді.

«Туыстарымыз бен достарымыздың атынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз:

— Дмитрий Денисов

— Беков Ильдар

— Исмаил Жан

— Асанбаев Бүркіт

Құтқарушыларымыз өз өмірін қатерге тігіп, үйінді астынан азаматтарымыздың денесін алып шықты. Нағыз батырлар, мың алғыс!», – деп жазды Мирботал Құрмашевтың ағасы.

Еске салайық, қаза болған қазақстандықтардың денесі Антакья қаласынан Анталияға кейін, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Барлық көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke