Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Ақерке Ахметова әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Ақерке Ахметова әділет вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Ақерке Естайқызы Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық салада жұмыс істеген.

2000 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істейді. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, Департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015-2017 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін әділет вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke