Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң ағайынды жігіттер құтқарылды

Жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң Түркияның Кахраманмараш қаласындағы көпқабатты үйдің қирандыларынан екі адам құтқарылды, – деп хабарлайды CNN Turk. 

«Зардап шеккендердің бірі – Мұхаммед есімді 17 жастағы жігіт. Құтқарушылар алдымен 17 жастағы Мұхаммед Энес Енинарға, содан кейін оның ағасы – 21 жастағы Баки Енинарға жәрдемдескен», – деп хабарлайды телеарна.

Телеарна көрсеткен кадрлардан зардап шеккендерді жедел жәрдем көліктеріне апара жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ зілзаладан 185 сағаттан кейін үйінді астынан 10 жасар қыз баланың құтқарылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын табиғи апат болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 31 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke