Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Президент Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды

Президент азаматтық қорғау саласы бойынша кадрлар дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны – Азаматтық қорғау академиясының жұмысымен танысып, офицерлермен және курсанттармен кездесті, – деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың амандығын және қауіпсіздігін сақтау басты міндет әрі қастерлі парыз екенін айтып, академияның рөліне тоқталды.

– Бұл – ең алдымен, құтқарушы мамандарға жүктелетін зор сенім, үлкен жауапкершілік. Құтқару қызметі – өте маңызды сала. Соңғы кезде жер жүзінде төтенше оқиғалар жиілеп барады. Жұртымыз мұндай қауіп-қатерге әрдайым дайын болуы керек. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі еліміз үшін өте маңызды. Академия – еліміздегі кәсіби құтқарушыларды даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оны ширек ғасыр ішінде 6 мыңға жуық маман бітіріп шықты. Академия түлектері барлық облыста еңбек етіп жүр. Олар Отан алдындағы борышын адал атқарып келеді. Халқымызда «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Күзде еліміздің бірнеше аймағы алапат өрттен зардап шекті. Сын сағатта тұрғындарға алдымен құтқарушылар көмекке келді, – деді Мемлекет басшысы.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke