Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған

Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Ведомство Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, 2022 жылы еліміздегі арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы құны 5 миллиард 949 миллион 849 мың 491 теңгеге сұранысы жоғары 20 075 мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілгенін хабарлады.

«Ең қымбат нөмірлер — 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың әрқайсысы 285 АЕК тұрады. Яғни, әрбір нөмір үшін қазақстандықтар 2022 жылы 872 мың 955 теңге төледі», — деп атап өтті Мемлекеттік корпорация.

Подробнее

tele2.kz

Перейти

favicon

Реклама

VIP-нөмірлерге сұраныс көбінесе Алматы тұрғындарынан түскен. Соңғы бір жылда алматылық көлік иелері 2 миллиард 365 миллион 875 мың 494 теңгеге 7 мың 83 VIP-нөмір алған.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke