Суббота, 20 апреля, 2024

Басқада

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы AFAD табиғи апат зардаптарын жою басқармасы сайтында айтылған.

Кахраманмараш, Османие, Хатай, Килис, Газиантеп, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Адыяман, Малатья және Элязыгте жер сілкіністері салдарынан жалпы 38 мың 44 адам қаза тапқаны атап өтілді.

Ведомство мәліметінше, бірінші жер сілкінісінен бері өңірде 4,7 мыңнан аса қайталанған жер сілкінісі болған.

Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.

Жаңалықтар | Новости