Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

Зеленский Қазақстанға алғыс айтты

Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс айтты. Ол бұл туралы Telegram-арнасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Сонымен қатар, мен Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттым», — деп жазды Зеленский.

Еске салайық, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен еді.

Ақорда мәліметінше, екі ел басшысы Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылаған.

Жаңалықтар | Новости