Билеттің жаңа құны 850 теңгені құрайды.
Алматы прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билеттерінің бағасын төмендетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «ботаника және фитоинтродукция институты» РМК – ға кіру билеттеріне тариф белгілеу кезінде бұзушылықтарды анықтады», – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша азаматтардың Ботаникалық баққа бару тарифі 103 теңгеге төмендетілді. Бұрын ересек адамға кіру билеті 953 теңге болатын.