Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстанда көлік жүргізушілерін онлайн оқыту тоқтатылады

ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізеді. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылатыны жазылған.

Ұсынылған жаңа редакцияда әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланатыны жазылған.

Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиісті өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke