Пятница, 14 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстандықтар келесі аптада Наурыз мерекесін тойлайды

Келесі аптаның басында қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлайды. Ел тұрғындарын бірден бес күндік демалыс күтіп тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі – 21, 22 және 23 наурызда үш күн демалады. Сондықтан, бұл аптада тек дүйсенбі мен жұма жұмыс күні болады.

Сондай-ақ, наурызда қазақстандық оқушылар көктемгі демалысқа шығады. Олар 18 наурыздан 26 наурызға дейін (қоса алғанда) демалады.

Айта кетейік, 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke