Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметінше, ҚР басым бөлігі бұрынғысынша антциклон жырасының ықпалында болады, соған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.

«Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланыстыжаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл болжанды», — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Қостанай облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -8-10 градус, күндіз +2+4 градус болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +12+14 градус болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7 градус, күндіз +19+21 градус болады.

Жаңалықтар | Новости