Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

15 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін Солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Елдің батысы мен шығысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады», — делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ҚР солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, елдің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады.

Астанада ауа райы көшпелі бұлтты болады, өткінші жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Түнде тұман түседі. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде минус 3-5, күндіз 0-2 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke