Вторник, 21 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қазақстанда Рамазан айы басталатын күн аталды

Қазақстанда Рамазан айы басталатын күн белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келе жатқан қасиетті Рамазан айына орай сөз сөйледі.

«Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен кеңесіп, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін де ескере отырып, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні (Кадр). 21 сәуір – Ораза айт мерекесі», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында.

Жаңалықтар | Новости