Четверг, 28 марта, 2024

Басқада

Шетелде қанша қазақстандық дауыс берді?

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелде дауыс берген қазақстандықтар туралы мәліметтерді жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелде тіркелген қазақстандықтардың жалпы санының 72,54 пайызы дауыс берген.

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды.
Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54 пайыз құрады», — делінген министрлік ақпаратында.

Жаңалықтар | Новости