Вторник, 23 апреля, 2024

Басқада

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 21-24 наурызда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады», — делінген хабарламада.

Жаңалықтар | Новости