Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 168,7 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 380,6 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

«2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақының мөлшері — 83 089 теңге, базалық зейнетақы — 37 903 теңге», — делінген хабарламада.

2023 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша, зейнеткерлердің саны 2 миллион 295 мың адам.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke