Четверг, 2 мая, 2024

Басқада

Қонаев қалалық мәслихатының депутаттарын  сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

2023 жылғы 19 наурызда Қонаев қалалық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.

Сайлаушылардың тізімдеріне 48502 азамат енгізілді. Дауыс беруге 12090 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 1 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 69 сайлаушы дауыс берді.

Кандидаттардың жалпы саны — 39.

Қонаев қалалық мәслихаттың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы бойынша:

№1 сайлау округі бойынша – Садыков Болат Таутенович, 1969 жылы туған, зейнеткер, Қонаев қаласының тұрғыны;

№2 сайлау округі бойынша – Камбарова Алмагул Толеухановна, 1977 жылы туған, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;

№3 сайлау округі бойынша – Ракишева Айман Галимжановна, 1970 жылы туған, қалалық көпфункционалды ауруханасының директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;

№4 сайлау округі бойынша – Салыкова Лязят Имангалиевна, 1981 жылы туған, «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қонаев қаласының тұрғыны;

№5 сайлау округі бойынша – Нуржанов Серикбай Шамшиевич, 1966 жылы туған, «AES Security» ЖШС-нің директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;

№6 сайлау округі бойынша – Джарлаев Рустам Имамович, 1978 жылы туған, «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС-нің директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;

№7 сайлау округі бойынша – Ахметтаев Кайрат Нураханович, 1961 жылы туған, көпфункционалды қалалық ауруханасының дәрігер — сарапшысы, Қонаев қаласының тұрғыны;

№8 сайлау округі бойынша – Ибраев Алтынбек Еркинбекович, 1981 жылы туған, кәсіпкер, Қонаев қаласының тұрғыны;

№9 сайлау округі бойынша – Исканова Гульжан Батырбековна, 1977 жылы туған, «LaFERME» ЖШС директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;

№10 сайлау округі бойынша – Кашаганов Ерлан Темиргалиевич, 1981 жылы туған, «Қамқор және К» ЖШС-нің директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;

№11 сайлау округі бойынша – Волженин Александр Станиславович, 1967 жылы туған, «СД и Ко» ЖШС-нің өндіріс директоры, Заречный ауылының тұрғыны;

№12 сайлау округі бойынша – Игисенов Имангали Ракымбердыевич, 1961 жылы туған, Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің мұғалімі, Шеңгелді ауылының тұрғыны.

Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Жаңалықтар | Новости