Воскресенье, 5 мая, 2024

Басқада

НАУРЫЗ ҮМІТ СЫЙЛАЙДЫ

Алматы облысы және ҚР ІІМ ҚАЖК Жетісу облысы бойынша ҚАЖД №12 мекемесінде «Наурыз Мейрамы» атты ауқымды мереке өтті.

Наурыз-барлық қазақстандықтардың сүйікті мерекелерінің бірі. Наурыз мерекесіне 5000 жылдан астам уақыт болса да, бұл көктем мен табиғаттың жаңаруы мерекесі, әлеуметтік немесе этниқалық тегіне қарамастан бәріне қымбат болды.

Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері, мекеме әкімшілігі сотталғандардың жазасын өтеудің қажетті шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың дені сау, әрекетке қабілетті және бостандықта өмір сүруге дайын болуын қамтамасыз ету үшін жауап беретінін әрқашан есте ұстаймыз. Дәл осы мақсатта №12 мекеме әкімшілігі әрдайым мекемеде өткізілетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға спорттық компонент қосуға тырысады. Осылайша оларды ұйымдастыру және өткізу процесіне тарту мұнда жазасын өтеп жатқан сотталғандардың саны көп болуы мүмкін.

Міне, өткен мереке осының дәлелі. Ресми ашылу, бөлімінен кейін мекеме клубының жазғы аланыңда орналасқан татамиде сотталғандар арасынан қазақша күрестің нағыз жанашырлары мен жанкүйерлері қолдап, шықты. Спорттық іс-шараның нағыз қызған сәті палуандардың күрес аланында бар өнерлерін салып көрермендердін қошеметіне ие болды.

Бұл аса жогары физикалық дайындық пен қайтпас ержүрек қайраттылықты талап ететін спорт түрі сотталғандардың түзү жолға нық тұрып ерік жігерлерін бір бағытқа бұрып уақытынан бұрын мерзімінін аяқтауына деген ынтасын арттыруға табылмас көмек екені айдан анық, өйткені баршамызға мәлім-спорт ол салауатты өмір салтының айнымас тірегі.

Мерекелік іс-шараның өзекті мақсатының орындалуы қатысушылардың көздеріндегі жеңіске деген талпыныстары мен көрсеткен табандылықтары ұйымдастыру барысындағы еңбектің толықтай жемісі екенін дәлелдеді.

Осындай іс-шараның жанашырлары мен қолдаушылары аз емес екені белгілі, оның дәлелі Қонаев қалалық әкімшілігі қоғамдық қайраткерлері қатарынан Аманжолов Дамир мырзаға және де «Реванш» қоғамдық қорының мүшесі Катарага-Ливаза Кристина ханымға қолдаулары мен қамқоршыл, жанашыр болып көмектерін барынша көрсетіп, біздермен бірге болғандарыңызға барлық қатысушылар мен мекеме әкімшілігі атынан, үлкен алғысымызды білдіреміз. Құрметті Қазақстандықтар баршанызға Ұлыстын Ұлы күні құтты болсын!  Мерекелерінізбен шын жүректен құттықтаймыз!    

Жаңалықтар | Новости