Пятница, 14 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Президент мұғалімдер шағымы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажетін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл — өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет.

Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады.Осыған байланысты, тиіс бағдарлама қабылданады. Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті», — деді Президент.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke