Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қошанов Мәжіліс төрағасы қызметінде қалды

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы қызметінде қалды. Жаңадан сайланған депутаттар оның кандитатурасын бірауыздан мақұлдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат ұсынылды. Төраға лауазымына үміткерлер бойынша басқа ұсыныстар түскен жоқ.

Парламенттің төменгі палатасы спикерінің кандидатурасына жасырын дауыс беру үшін мәжіліс залының фойесінде 6 кабина мен дауыс беру жәшігі орнатылды. 20 минут ішінде депутаттарға депутаттық куәліктері бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдер берілді.

Отырыс барысында Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Конституциясы 58-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланды.

Мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып Дәния Еспаева мен Альберт Рау сайланды. 

Айта кетейік, Ерлан Қошанов 60 жаста. Мәжіліс төрағалығына дейін ол 2019 жылдан бастап Президент Әкімшілігін басқарды. Қошанов — 2022 жылғы 26 ​​сәуірден бастап Amanat партиясының жетекшісі. Ол бұған дейін Қарағанды ​​облысының әкімі қызметін атқарған

Жаңалықтар | Новости