Пятница, 21 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қаржы көздерін ойластыру керек – Ерұлан Жамаубаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізді. Жиын барысында әлеуметтік мәселелер де қозғалды.

Атап айтсақ, «Асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, Үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет. Қазақстан біздің аймақтағы осындай әлеуметтік жәрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар», — деген болатын Президент.

Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаев атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны оңтайландырылатынын жеткізді.

«Қазір қаржы көздерін ойластыратын боламыз. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын оңтайландыру қажет. Себебі оның белгілі бір критерийлері бар. Бұл бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Біз тапсырманы алдық, енді оның шешімін іздейміз», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke