Пятница, 19 апреля, 2024

Басқада

Ақтөбеде аяусыз өлтірілген анасы мен ұлына қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен анасы мен оның 16 жастағы ұлының денелері табылған еді. Екеуі де аяусыз пышақталған. Марқұмның 13 жастағы қызы ғана таңғажайып жағдайда аман қалған. Бірақ ол да ауыр жағдайда, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қанды оқиға 2-қабатта орналасқан пәтерде болған. Мұндағы тұрғындардың айтуынша, бұл отбасы шамамен 6 жыл тұрған және ешкіммен жанжалдаспаған.

Әйел бұл үйде екі баласымен тұрған. Көршілер өткен түнде бәрі тыныш болғанын айтады. Қайғылы оқиға болған пәтерден ешкім шу немесе айқай естімеген. Тұрғындар анасы мен ұлы қайтыс болғаны туралы полиция мен жедел жәрдем келгеннен кейін ғана білген.

«Сағат үште ұйықтамаған едім, ешқандай шу болмады, ас үйде терезесі ашық еді, мүлде шу болған жоқ. Шынымды айтсам, таңғалдым, тыныш үй еді. Күтпеген жерден», — дейді марқұмның Рафаэль Каримов есімді көршісі.

13 жастағы қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оның мойны кесілген. Дәрігерлер ота жасады. Бірақ жасөспірім ауыр жағдайда жансақтауда жатыр.

«Мойынында шамамен бес жарақат. Есін біледі, бірақ әлсіреген, қан жоғалтты», — дейді дәрігер Ербол Жапахов.

Аурухана маңында аман қалған қыздың әжесі күтіп отыр. Ол — қайтыс болған әйелдің бұрынғы қайын енесі. Татьяна Игнатьеваның айтуынша, әйел ұлымен азаматтық некеде тұрған. Бірақ шамамен 6 жыл бұрын ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Ол бұл оқиғаға бір күн бұрын оның ұлы да қайтыс болғанын айтты. Ер адам өзіне қол салған.

«Олар азаматтық некеде тұрды. Ромка көптен бері Катямен араласпаған еді. Мен қоңырау шалдым, Рома қайтыс болғанын айттым, ол бүгін шақыратынын жеткізді. Оны күттім. Біз жақсы қарым-қатынаста болдық. Балаларды итше пышақтау — тіпті мүлде елестете алмайтын нәрсе!» — дейді Татьяна Игнатьева.

Бұл жағдайға кім кінәлі екені әлі белгісіз. Тәртіп сақшылары «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жаңалықтар | Новости