Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

40,1 миллион адамды алып кеткен АИТВ вирусы

Ұғым. АИТВ инфекциясы (адамның иммун тапшылығы вирусы) – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғаннан кейін дамитын ауру, әдетте жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп аталып, әрқашан өліммен аяқталады. 

ЖИТС — бұл АИТВ-инфекциясының ең ауыр кезеңі, онда адамның иммунитеті вирустың әсерінен жойылып, адам әртүрлі жұқпалы және онкологиялық аурулардан зардап шегеді.

Қазақстан Республикасында тіркелу жағдайлары. 2022 жылы ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» фииалының ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасында АИТВ ауырудың 3877 жағдайы тіркелді, оның ішінде 871 жағдай (22,5%) ауылдық жерлерде.

АИТВ-инфекциясының көзі — аурудың барлық кезеңдеріндегі адам. АИТВ-инфекциясын жұқтырған адам тез жұқпалы болады және өмірінің соңына дейін инфекцияның көзі болып қала береді, ал АИТВ-инфекциясын тасымалдаушының мәйітінде вирус бірнеше күн болуы мүмкін. АИТВ ағзаға енген алғашқы күннен бастап, иммунитеттің үздіксіз және қайтымсыз бұзылуы орын алады.

Белгілері мен симптомдары. Инфекциядан кейінгі алғашқы апталарда АИТВ жұқтырған адамда ешқандай белгілер пайда болмауы немесе тұмауға ұқсас ауру пайда болуы мүмкін, мысалы, жоғары температура, бас ауруы, тері бөртпесі немесе тамақ ауруы.

Инфекция иммундық жүйені біртіндеп әлсіреткен сайын жұқтырған адамда лимфа түйіндерінің ұлғаюы, салмақ жоғалту, қызба, диарея және жөтел пайда болуы мүмкін. Емделмеген жағдайда пациенттерде туберкулез, криптококкты менингит, ауыр бактериялық инфекциялар және онкологиялық аурулар сияқты ауыр аурулар дамуы мүмкін.

АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін:

— кездейсоқ жыныстық қатынастарды болдырмау;

— жеке гигиена заттарын ғана пайдалану;

— есірткі қолданбау;

— тек сертификатталған мекемелерде татуировка, пирсинг, құлақ тестіру керек.

Диагностика. Адам ағзасындағы АИТВ инфекциясын анықтаудың жалғыз жолы — АИТВ антиденелеріне қан анализін жүргізу.

АИТВ-инфекциясын тексеру нәтижесі туралы ақпарат қатаң құпия болып табылады.

Емдеу. Егер инфекция пайда болса, ағзаны адамның иммунитет вирусынан «тазартуға» қол жеткізу мүмкін емес.

Жоғары белсенді антиретровирустық терапия бірнеше дәрі-дәрмектердің жиынтығынан тұрады және вирустың көбеюіне жол бермейді.

АИТВ–инфекциясын емдеу мемлекет қаражаты есебінен өмір бойы және тегін болып келеді.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Жаңалықтар | Новости