Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

«Менингит — өлімі жоғары ең ауыр ауру»

Менингококк жұқпасы — бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру. Ол тұмаудан толық жазылмаған жағдайда, денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан және іш сүзегінен, кейде тазалық сақталмаған жерде, көп адам жүретін жерде пайда болады.

Бұл жұқпа көбiне суықтан пайда болатын ауру, ол ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу және түшкіру кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адамнан ауру жан-жаққа тез таралады. Сонымен бірге менингит адамның жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде бұл ауруға шалдыққандардың 20%-ы өз өмiрiмен қоштасады.

Егер де келесі белгілер болса шұғыл түрде дәрігерге бару керек:

Күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болып, температура 39-40°С-қа жетіп, адам қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды.

Ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады.

Менингиттің алдын алу үшін:

  • қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу. Бетперде тағып жүру;
  • суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек;
  • жеке бас гигиенасын сақтау. Дәретханадан соң, жануарларды ұстағаннан кейін, әсіресе тамақ ішу алдында мұқиятты түрде қолды сабындап жуу керек;
  • тұрып қалған су объектілерінде көлдер, су қоймалары және басқа да орындарда шомылмау қажет. Мұндай орындарда міндетті түрде бактериялар болады;
  • иммунитетті күшейту. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеу;
  • науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.  

Асхат Мухаев,
Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Бас маманы

Жаңалықтар | Новости