Суббота, 20 апреля, 2024

Басқада

Генерал Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Айта кетейік, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.

Жаңалықтар | Новости