Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

5 сәуірде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байлаңысты жаңбыр жауады, таулы аумақтарында — қатты жаңбыр, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Алматы облысының таулы аумақтарында, Жетсіу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аумақтарында 1-6 градусқа дейін үсік сақталады.

Ал Алматы қаласында бүгін жауын-шашынсыз күн ашық болады, термометр бағаны күндіз +17…+19 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада да сәрсенбіде жауын-шашын күтілмейді, дегенмен көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз +16…+18 градус аралығында жылы болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Синоптиктер бүгін Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертеді. Сондай-ақ ауа температурасы +16…+18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Бұдан бөлек мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жаңалықтар | Новости