Воскресенье, 5 мая, 2024

Басқада

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының көтерген жүгі ауыр

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы жыл басынан бері талай игі шараға мұрындық болды. Аталмыш ведомствоның Қазақстан халқының мемлекеттілігі мен бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың азаматтық белсенділігі мен жағымды әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, аймақтағы ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты ұйымдастыру жолындағы жұмысы атан түйеге жүк боларлықтай. Солардың бірқатарын тізбектеп өтсек, олардың атқарып отырған жұмыстарының қаншалықты өзектілігін аңғарамыз. Елімізде мемлекет басшысының бастамаларына ұйытқы болып отырған ведомсто жұмысы туралы айта кетсек, біраз игі іске ұйытқы болып отырғанын аңғарамыз.

Тұрақты түрде өңірдегі жағдайларға анализ жасалып, қоғамдық-саяси ахуал тұрақты түрде бақылауға алынып, әлеуметтік шиеленіс ошақтары анықталып, оларды оқшаулау бойынша дер кезінде шаралар да қабылданып отырады.

          Әсіресе өткен айда республика көлемінде маңызды бірнеше сайлау қатар өткенін ескерсек, сайлау кезеңінде және сайлаудан кейінгі кезеңде әлеуметтік желілер мен барлық интернет-ресурстарға мониторинг күшейтіліп, сайлау кезеңінде анықталған теріс жарияланымдар бойынша тұрақты жұмыстар жасалып отырды. Алматы облысы бойынша бірінші тоқсан бойынша әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде 651 теріс жарияланымдар анықталып, қажетті шаралар жасалды. Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 262, жол және көлік – 310, ауыл шаруашылық, жер экология -12, денсаулық сақтау – 20, білім беру – 36, әлеуметтік -3,  жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеті бойынша – 8 теріс жарияланыммен жұмыстар жүргізілген.

         Облыс көлемінде рұқсат етілмеген митингілер мен шерулердің алдын алу мақсатында тұрақты іс-шаралар жүргізіліп отырады. Жыл басынан бері  12 митингтер мен пикеттер өткізуге хабарламалар түсіп, оларға  жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңнамаға сәйкес жауаптар берілген. Газдандыру, ауыз сумен қамту, электр қуатын өшіру, қоқыс полигондарының қызметіне қатысты да облыс тұрғындарының наразылық жиындары өткен. Сандарды сөйлетсек, биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша аудандарда азаматтардың талабымен 64 жиын өткен. Іле ауданында – 7, Қарасай ауданында – 23, Талғар ауданында – 12, Еңбекшіқазақ ауданында – 10, Жамбыл ауданында — 4, Қонаев қаласында -8 шара өткен. Барлығы Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының бақылауымен өткізілген. Жыд басынан бері жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы да күшейтіліп келеді. Жыл басынан бері «ДВК/Көше партиясы» белсенділері (31 адам), «Қаңтар оқиғасы» құрбандарының туыстары (4 отбасы), ұлттық патриоттар (10 адам) және наразылық танытатын азаматтық белсенділердің (барлығы 22 адам) қызметі  бақылауға алынған. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп олардың деструктивті әрекеттерін алдын-алу мақсатында профилактикалық жұмыстар да жүргізілуде. Облыстың қала маңындағы аудандарында Қарасай, Іле, Талғар және Алматы қалалары саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің ағымдағы қоғамдық-саяси жағдайға бірлесіп ден қоюға мүмкіндік беретін бірлескен іс-шаралар жоспары да бекітілген. Ішкі саясат басқармасын сараптау қызметімен қамтамасыз етуді «Талдау және болжау орталығы» КММ жүзеге асырады. Қазіргі таңда орталық қаңтар айынан бастап аудан, Қонаев қаласы әкімдіктері мен басқармалардың теріс жарияланымдар бойынша жұмысына апта сайын рейтинг жүргізіп, әлеуметтік желілерде оларға жауап беру туралы жұмыстарды ұйымдастыруда.

Сондай-ақ Алматы облыстық ішкі саясат бөлімі мемлекет басшысының тапсырмалары мен Жолдауларына сай іс шаралар ұйымдастырып, тұрақты түрде сараптап отырумен айналысады. Ассамблея жұмысын үйлестіру жұмыстары да жоғарыдағы ведомствоның құзырында. Мәселен Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы «Қоғамдық келісім» КММ-мен I тоқсанда облыс бойынша 350-ге жуық іс-шара ұйымдастырып,  барлық іс-шараға 50000-нан астам адам қамтылған. Жалпы еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті сақтауда маңызы зор ведомство жыл аяғына дейін әлі талай шараға ұйытқы болмақ!

Еркенұр Қонысбай

Жаңалықтар | Новости