Пятница, 21 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Мысыр мен Қырғызстаннан келген: Алматыда балалардың қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді

Алматыда Мысыр мен Қырғызстаннан келген балалар қызылшасы ауруы тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Әсел Алтаева мәлімдеді.

«Бүгінде Алматыда қызылша ауруының көбеюі байқалады. Биылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша қызылшаның зертханалық расталған 73 жағдайы тіркелді, оның ішінде 67 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында. 4 жағдайда инкубациялық кезеңдегі науқастар шетелде болған (шетелден жұқтырып әкелінген, оның ішінде біреуі Қырғызстанда және үшеуі Шарм-эль-Шейхте)», — делінген Алматы СЭБД-нің редакция сауалына берген жауабында.

Қазіргі уақытта мамандар Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қала тұрғындары арасында қызылша ауруының алдын алу мақсатында бірқатар эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.

«Сонымен қатар, халық арасындағы көші-қон факторларын ескере отырып, қызылша байқалатын елдер алаңдаушылық тудырады, өйткені Қазақстан Республикасында басқа елдерге шығуға және келуге тыйым салынбаған», — деді Алтаева.

Қызмет мамандары медициналық ұйымдармен бірлесіп, барлық ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Барлығы 1410 байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 713 ересектер, 691 14 жасқа дейінгі балалар және 6 жасөспірім.

Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап бұрын қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы екпе алмаған, 1 жастан 17 жасқа дейінгі, оның ішінде бұрын вакцинациядан бас тартқандарды қоса алғанда, толық емес екпе курсы бар тұрғындарға қайталама иммундау жүргізу басталған.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke