Четверг, 23 мая, 2024

Басқада

spot_img

Тоқаевқа сыйлыққа берілген күшіктің қазіргі жағдайы қандай?

БОРТ N1 телеграм-каналы Тоқаевқа сыйлыққа берілген Наурыз есімді күшік қазір қандай екенін көрсетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл күшікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылдың наурыз айында Наурыз мейрамы қарсаңында Астанадағы иттер көрмесінде сыйлаған болатын. Бұл кезде тазы күшікті Президентке асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова берді.

«Ол қазір себеттегі дірілдеп жатқан кішкентай күшік емес, қазір одан көз алмай бақылау керек. Тентек күшік.  Біз міндетті түрде оның алғашқы аңшылығын, оның жетістігі мен өсуін көрсетеміз. Кім білген, мүмкін ол біркүні Ақорданы жеке қорғауына алар?!», — делінген жазбада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы тазы және төбет тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойған болатын.  Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажетін айтты.

 «Құмай тазы — ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар | Новости