Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Депутаттар ағаш отырғызды

Дана халқымыз «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген тәмсілді бекер айтпаса керек. Бүгінде баба мұрасындай болған табиғатты бүгінгі ұрпақ күтіп ұстап, көзінің қарашығындай сақтағаны жөн. Сол ізбен жалғасқан сара жол бүгінде Қонаев қаласының тұрғындары үшін басты ұстанымына айналған. Оған дәлел ретінде жыл сайын қала көлемінде қолға алынатын көшет отырғызу мен көгалдандыру жұмыстарын айтсақ та болады.

Рухани жаңғырудың бір бөлімі  «Туған жер» бағдарламасына арналған. Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек.Шама шарқынша өз тұрып, өмір сүріп жатқан мекеннің көркейіп, гүлденуіне  көмектесуі тиіс. Игі шаралардың барлығы да облыс орталығы болып отырған шаһарды көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау.

Сенбі күні сондай жарасымды дүниенің жалғасы Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында  жалғасып, «Бірге — таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында   Алматы облыстық мәслихатының 38 депутаты мен Қонаев қалалық мәслихатының 12 депутаты Қонаев және Алматы көшелерінің қиылысына қылқан жапырақты 50 түп ағаш отырғызды.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділовтың айтуынша, өңірдегі алғашқы жұмыстарын облыс орталығына ағаш егуден бастаған. Жаңа сайланған депутаттар еліміздің өркендеп дамуына, гүлденуіне көркеюіне, аббатануына өз үлестерін қосады деген өз пікірін білдірді.

Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп,  күнгейлі Қонаев қаласының көркеюіне  үлес қосып, қалыс қалмау- әрбірқала тұрғынының азаматтың борышы болуы керек..

Зарыққан ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke