Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

«Көмектесіңдер!» Алматы полициясы терезеде жалаңаш тұрған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам жоғары қабаттың терезесінде жалаңаш күйде тұрғаны көрінетін видео түсірілген. Бұл видеоны редакцияға оқырмандар жіберді. Полиция осы жайтқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны жолдаған оқырмандардың сөзінше, видео Алатау ауданы Дарабоз шағынауданында түсірілген.

«Көмектесіңдер, көмектесіңдер» деп айғайлады. Мен не сұрап тұрғанын түсінбедім. Біреу итеріп жібергісі келді ме, түсінбедім. Аман болсын кім болса да. «Тонағысы келді, қоқан лоқы жасады» дейді», — деді оқырман оқиға туралы.

Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбекке бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Оның Massaget.kz тілшісіне айтуына қарағанда, полицияға бұл туралы жігітің көршілері хабарлаған.

«Шақырту бойынша барған полицейлерге есікті видеодағы жігіттің өзі ашыпты. «Достарыммен бәстесіп ойнадық» деп жауап берген. Оның ішімдік ішпегені анықталды және бұл жағдайға қатысты ешқандай арыз-шағым түспеді», — деді Салтанат Әзірбек.

Жаңалықтар | Новости