Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Нұрғали Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жүргізгені хабарланған еді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke