Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

Медиатор-бітімгерлер бас қосты

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымды бағыты. Сондықтан осы салада жаңа әдіс-тәсілдер мен тың серпін беретін игілікті істер заман талабына сай қалыптастырылуда. Яғни, тиімді іс-шаралар мен жүйелі жұмыстар жоспарланып атқарылып келеді.

Осы мақсатта, «Алматы облысы ішкі саясат басқарамасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп, сәуірдің 11-13 күндері 3 күндік оқыту бағдарламасы әзірленіп, этномедиаторлар мен қоғамдық медиаторларды келіссөз жүргізушілер ретінде даярлау бойынша облыстық «Этносаралық қақтығыстарды реттеудегі медиативтік тәсілді оқыту» семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингте Алматы облыстық «Ішкі саясат бсқармасы» ММ бөлім басшысы Жандар Асан сөз сөйледі. Семинар-тренингтібизнес-тренер, кәсиби медитор, ҚХА Медиация кенесінің мүшесі, т.ғ.к. Қазақ ұлттық университетінің доценті, «Парасат» медиация және құқық орталығының директоры Гүлмайдан Оразбаева және «Парасат» медиация және құқық орталығының тренер медиаторы Мұхтар Адаев жүргізді.

Іс шараға«Қоғамдық келісім» КММ және филиалдарының қызметкерлері, Алматы облыстық және аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің басшылары мен кызметкерлері, білім мекемелерінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдерімен мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ және полиция қызметкерлері, «Аналар кенесінің» төрағалары, қоғамдық медиаторлар және этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Тәжік-ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Болашақ бағдары» ҚБ төрағасы қатысты.

Үшінші қорытынды күні, «Этносаралық қақтығыстарды реттеудегі медиативтік тәсілді оқыту» семинар-тренингке қатысқан үшін арнайы сертификаты салтанатты түрде табысталды.

Қазақ даласында болған билер де татуласу рәсімдерін өткізудің айқын мысалы болып табылады, себебі ең басты мақсат дауласқан тараптарды татуластыру және залалдың орнын толтыру болған.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан халыққа медиативтік көмек көрсету бойынша Қонаев қаласында 1 медиация кабинеті, ал аудандарда 18 медиативтік алаң жұмыс істейді. Облыс көлемінде медиацияға қатысты этносаралық дауларды реттеудегі ресми және бейресми дипломатиялық әдістерді талдау, олардың қолданылу ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау мақсатында 52 түрлі форматты кездесулер, жиындар мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылып, өткізілуде.

Сондықтан болашақта, семинар-тренингтен дәріс алған мамандардың атқарар істері молынан болады деген сенімдеміз.

Гүлмира САЯҚ,
Алматы облысы «Ішкі саясат басқармасы» ММ,
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы.

Жаңалықтар | Новости