Суббота, 25 мая, 2024

Басқада

spot_img

Астанада сәуірде қалың қар жауды: қалада жол қатынасы қиындай түскен

Астанада сәуір айында қалың қар жауды, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Бүгін, 17 сәуірде ауа райының қолайсыз болуына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқып жатыр. 
Астанада қар 15 сәуірде жауа бастаған болатын. 

Синоптиктер қар дүйсенбіге дейін жауатынын ескерткен болатын. 

Әзірге қалада қанша сантиметр қар жауғаны белгісіз. Бірақ қозғалыс қиындай түскен. 

Ауа райының нашарлауына байланысты астаналық оқушылар қашықтан оқиды

Тұрғындардың сөзінше, астанада такси қызметі де салыстырмалы түрде қымбаттап кеткен. 

Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің жүруі де қиындай түскен. 

Қазгидромет мәліметінше, 17 сәуірде түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр болады.

Жаңалықтар | Новости