Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алакөлде 124 миллион теңге тұратын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды — прокуратура

Прокуратура органдарының басты мақсаттарының бірі пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекетке қайтару.
Алакөл ауданы прокуратурасымен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекетке қайтару мақсатында бір қатар нәтижелі жұмыстар жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алакөл ауданы прокуратурасымен пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, прокурорлық қадағалау актісін енгізілді.

Нәтижесінде, ауылшаруашылығы және коммерциялық мақсатындағы құны 124 703 325 теңге тұратын 13 720 гектар жер телімі сот шешімімен мемлекет жер қорына қайтарылды.

«Қазіргі таңда, осы бағытта Алакөл ауданы прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару мақсатында жұмыстар жалғасып жатыр», — деді аудан прокурорының орынбасары Қ. Нұрсаметов.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke