Воскресенье, 14 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Нұрлан Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Нұрлан Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы облысы әкімінің өкіміммен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Нұрлан Ерғалиұлы 1980 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Джакубаев Д.М.» ЖК аға заңгері болып бастаған.

Әр жылдары «Астанаэнергосервис» ААҚ тұтынушылармен жұмыс жөніндегі қызметтің жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің №2 абоненттік учаскесінің бақылаушысы, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ЖАҚ тағылымдамашысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, директорының орынбасары, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры, Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрі кеңесшісінің міндетін атқарушысы болып қызмет атқарған.

2012-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

«Құрмет» орденінің иегері.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke