Понедельник, 6 мая, 2024

Басқада

Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, — деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоанының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», — делінген Жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі ауысқан болатын.

Жаңалықтар | Новости