Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Алматыдағы Амбулаторлық хирургия орталықтары күрделі операциялар жасайды

Оңтүстік астанадағы №26 Қалалық емхана жанындағы Амбулаторлық хирургия орталығы дәрігерлері отаның күрделі эндоскопиялық түрлерін жасайды. Заманауи қондырғылармен жабдықталған эндоскопия бөлімшесі күн сайын жүзге жуық пациент денсаулығын толыққанды тексеруге мүмкіндік береді, дейді бөлімше меңгерушісі Ернар Мамырбек.
Жуырда орталық мамандары 58 жастағы әйелді инструменталдық және зертханалық тексерулерден өткізіп, оған «тоқ ішектің аденоматозды полипі» деген диагноз қойды. Амбулаторлық хирургия орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде эндоскопиялық ота жасап, ішектегі жабысқақты алып тастады.
Ернар Мамырбектің сөзіне сүйенсек, ішектегі жабысқақ жұмсақ тіндерден түзіледі. Әдетте, аздап қанағаны болмаса ешқандай белгі бермейді, ауыртпайды.
Естеріңізге сала кетсек, қала әкімдігінің жоғары технологиялы эндоскопиялық көмектің қолжетімділігін арттыру жобасы шеңберінде Наурызбай ауданындағы №26 емханада эндоскопия бөлімшесі ғимараты ашылған болатын.
«Орталықта асқазан-ішек жолдары қызметіне шағымы бар, белгілі бір дертке шалдыққан пациенттерді эндоскопиялық тексерулер мен скринингтік зерттеулерден өткізуге мүмкіндік жасалған. Мұнда видеоколоноскопия, видеоэзофагогастродуоденоскопия, видеоректосигмоскопия жасалады, h.pylori бактериясына ПТР, биопсия алынады, эндоскопиялық полипэктомия жасалады», — дейді Ернар Мамырбек.
Орталық мамандары асқазан-ішек жолдарында кездесетін ақауларды, соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтап қана қоймай, биопсия алады және ісікті алып тастайды.
Орталық көмегіне МӘМС шеңберінде шаһардың барлық тұрғындары жүгіне алады. Ол үшін тіркелген емхананың жолдамасы қажет.

Жаңалықтар | Новости