Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Жамаубаев Астанадағы Назарбаев ашқан зәулім мешітті кім қаржыландыратынын айтты

Қаржы вице-министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаев ашқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке қаржы Астана бюджетінен бөлінетінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Журналистер Ерұлан Жамаубаевтан ең үлкен ғимаратқа жөндеу жұмыстары кімнің есебінен жүргізіліп жатқанын сұрады. Бұған дейін мешітке экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның кеңсесі демеушілік жасаған деген қауесет тараған болатын.

«Менің білуімше, бұл мешіт Астананың жергілікті бюджетінен қаржыландырылады, сондықтан солардан сұраңыз. Жергілікті мешіттерді ұстауға республикалық бюджеттен ақша бөлмейміз», — деді министр.

Былтыр 12 тамызда Астанада Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды. Оны Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Мешіт жер телімінің ауданы — 10 гектар. Үлкен күмбездің биіктігі — 83,2 метр, диаметрі — 62 метр. Мешітте төрт мұнара бар. Әрқайсысының биіктігі — 130 метр. Бұған дейін мешіт құрылысына Назарбаевтар әулеті мен еліміздің басқа да элитасы қаржы бөлгені хабарланды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke